№ 11 Қалалық емхана үшін жаңа жағдайлар
25.02.2022
Терезелері, табиғи жарығы және ауа желдеткіші жоқ кабинеттер, науқастарды "конвейерлік форматта"қабылдау. Әріптесі Динара Оразалинамен бірге мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов №11 қалалық емхананың проблемалық мәселелерімен танысты.
"Өз көзімізбен пациенттерді қабылдау жағдайын және медперсоналдың жұмысын көрдік. Мұндай жағдайда халыққа тиімді және сапалы медициналық көмек көрсету туралы айтудың да қажеті жоқ. Емхана ғимараты типтік емес, мұнда бейінді мамандардың жұмысы үшін жеткілікті пайдалы алаңдар жоқ", - деді Ерлан Каналимов әлеуметтік желілер беттерінде.
Депутаттар медициналық мекеменің басшылығымен бірге барлық талаптарға, оның ішінде "қадамдық қолжетімділікке"сәйкес келетін ғимарат іздестіруде.