Мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша кезектен тыс сессия
16.02.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Депутаттар «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» мәселені қарады.
Кезектен тыс сессия жұмысына Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов және қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова қатысты.
Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі депутаттың өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы жеке өтінішіне байланысты тоқтатылатынын хабарлады.
Қалалық сайлау комиссиясына Талғат Нәрікбаевтың отставкаға кету туралы өтініші келіп түсті.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Талғат Нәрікбаевқа мәслихат депутаты ретіндегі бір жылдық бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді. Мәслихат хатшысы Талғат Нәрікбаевтың осындай қысқа мерзім ішінде әрдайым өзекті мәселелерді талқылауға, дұрыс және мақсатты шешімдер қабылдауға белсенді қатысқанын атап өтті.
Ерлан Каналимов Талғат Нәрікбаев басқаратын «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» FIBAA халықаралық аккредитациясын алған Қазақстандағы бірінші және жалғыз жоғары оқу орны екенін атап өтіп, болашақта да еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшылар тобында болатынына сенім білдірді. Мәслихат хатшысы Талғат Нәрікбаевқа және КАЗГЮУ Университетінің ұжымына алдағы уақытта табыс тіледі.
Т. Нәрікбаевтың әріптестері де, қалалық мәслихат депутаттары Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықов, «КазКонтрашенГрупп» БК» ЖШС коммерциялық директоры Бауыржан Жанқонақов, «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Гүлжамал Жапарова сөз сөйледі. Депутаттар Талғат Мақсұтұлына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, денсаулық, амандық және білім саласында табыс тіледі.