2022 жылы елордада апатты жағдайдағы үйлерден 300 отбасы көшіріледі
05.02.2022
Мәслихат хатшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен бірге бұзуға жататын екі үйдің - Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы, 179 пәтер) және Угольная, 12 А (Байқоңыр ауданы, 29 пәтер) тұрғындарымен кездесті. Елордалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында осы мақсаттарға қаражат бөлу мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта бұл үйлердің тұрғындары құжаттарын ретке келтіріп жатыр, ал биыл олар "шаршы-шаршы" қағидаты бойынша пәтер алады. Соңғы үш жылда елордада апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді.