2021 жылы елорданың 10 мектебінде күрделі жөндеу жүргізіледі
07.02.2022
Құрылыс нысандарын қабылдауды қатаңдату туралы қалалық мәслихатта айтылды. Құрылыс сапасына тұрғындардан шағымдар түсетін "Отау" ТК нақты мысалына тоқталдық. Мәслихат хатшысы "Базис - А" құрылыс басқармасы мен құрылыс салушыға аптаның соңына дейін шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарының кестесін ұсынуды тапсырды. Келесі аптада депутаттар тұрғын үй кешеніне барады. Басқарма басшылары шақырылатын көшпелі кеңесте әлеуметтік нысандар құрылысы, кірме жолдар, автобус маршруттары және тағы басқа мәселелер қаралады. Жиында білім беру мекемелерінің - мектептер мен балабақшалардың құрылысы, мектептер жанындағы трафиктің көптігі және тағы басқалар туралы айтылды. Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев 2021 жылы 10 мектепте күрделі жөндеу, 13 мектепте ғимараттарға ағымдағы жөндеу жүргізілетінін айтты.