Газбен жабдықтауға жеңілдікпен қосу үшін ХӘОТ санатының өтемдік шығындарын ұлғайту
10.02.2022
Елордалық мәслихат депутаттары жақын арада тұрғын алаптарында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарына газбен жабдықтауға жеңілдікпен қосылу үшін өтемақы шығындарын ұлғайту туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов мәлімдеді. Сөз тұрғын үйді газдандыруға берілетін біржолғы төлемді 90 АЕК-тен (275670 теңге) 130 АЕК-ке дейін (398190 теңге) ұлғайту туралы болып отыр. Қазіргі уақытта жоба әзірленді, мемлекеттік - құқықтық бөлімнен келісім алды, түзету – редакциялық сараптамадан өтті, көпшілік талқылауларға арналған нормативтік - құқықтық актілер орналастырылды. Жобаны Қоғамдық кеңеске және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға жіберу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, өтемақы беру тетігі қайта қаралатын болады. Басқаша айтқанда, газ компаниясымен тікелей жасалатын жеңілдікті қосылуды (ХӘОТ санаты үшін) ресімдеудегі артық сілтемелер алынып тасталады. Жақын арада шешім мәслихат сессиясында қаралып, қабылданатын болады.