"Алматы" ауданының белсенді тұрғындарымен кездесу
09.02.2022
Елорданың белсенді тұрғындарымен кезекті кездесу "Алматы" ауданы әкімдігінің қабырғасында өтті. Екі сағатқа жуық уақыт бойы олар тек талқылап қана қоймай, сонымен қатар ауданның тыныс - тіршілігі мәселелерін шешті-тұрғын үй алаптарын газдандыру, тұрғын үй құрылысы, жол құрылысы, мектептер мен медициналық мекемелердің жетіспеушілігі туралы ескертулер. Дене шынықтыру - сауықтыру кешендерінің, балабақшалардың, жылы аялдамалардың құрылысына қатысты көптеген сұрақтар қойылды.
"Осы және басқа да басым бағыттар "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына енгізілген және жақын арада іске асырылатын болады. Келесі кездесуді мәслихат депутаттары "Байқоңыр" ауданының тұрғындарымен өткізеді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.