2021 жылы қалалық мәслихат депутаттары 2 мыңға жуық азаматтарды қабылдады
11.02.2022
Қалалық мәслихат хатшысы ардагерлер ұйымдарының өкілдеріне қала көшелеріне атау беру тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының маманымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы отбасылардан шыққан балаларға санитариялық – курорттық емдеуді ұсыну қағидалары туралы айтып берді. 10-нан астам адам жүгінген. Өтініштердің ішінде, негізінен, тұрғын үй заңнамасы саласындағы консультациялар, жұмысқа орналастыру және басқа да маңызды мәселелер бар. Барлық өтініштер бойынша түсініктемелер берілді, олардың кейбіреулері сол жерде шешілді. Өткен жылы қалалық мәслихат депутаттары екі мыңға жуық азаматтарды қабылдады. Оның ішінде көшпелі, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, жұмыс орындарында және "Жанұя"отбасы институтының орталығында.
"Кездесу барысында көптеген мәселелер шешіліп, түсіндірілді. Негізінен, елорда тұрғындарының өтініштері жұмысқа орналастыру, білім беру, ТКШ саласындағы дауларды шешу, еңбек заңнамасы және басқа да мәселелерді қозғады. Айта кетейін, мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесімен сіз астана мәслихатының сайтында таныса аласыз https://maslihat01.kz", - деді мәслихат хатшысы Е.Каналимов.