Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің 2022-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы есебі
04.02.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің 2022-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы есебі өтті.
Инвестициялық жобалар бойынша жоспарланған жұмыс туралы «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» ММ басшысы Әрсен Жаңғасқанов ақпарат берді. Ол депутаттарға басқармаға 2022-2024 жылдары инвестициялық жобаларды іске асыруға 77 млрд. теңге бөлінгенін хабарлады. Оның 32 млрд. теңгесі – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарыз қаражаты.
Ағымдағы жылы Байқоңыр ауданында полицияның фронт-кеңсесін аяқтау жоспарланған, сондай-ақ Есіл ауданында фронт-кеңсе, азаматтарға білікті заң көмегі көрсетілетін өзіндік қабылдау бөлмесін салу бойынша рәсімдік мәселелер аяқталуда. Ғимараттарда полиция бөлімшелерінің кезекші қызметкерлеріне арналған бірқатар кабинеттер орналасқан, кіреберісте ресепшн, күту залы бар.
Мәслихат хатшысы баяндамашыға Алматы және Сарыарқа аудандарында полицияның фронт-кеңселерін салу мерзімдеріне қатысты сұрақ қойды, құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты объектілерді салу жұмыстарымен қатар жүргізуге болады ғой.
Әрсен Жаңғасқанов басқарма алдымен екі кеңсені аяқтауды жоспарлап отырғанын, содан кейін ПД-нен өтінім келіп түскен жағдайда, қалған екеуін тұрғызуға кірісуге дайын екенін айтты.
Құрылыс басқармасының басшысы құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты жыл басынан бері көптеген жобалар түзетуге жіберілгенін айтты. Басқарма несиелік тұрғын үй бойынша жұмысқа кіріседі, бұл - жергілікті құрылыс материалдарынан салынатын панельді үйлер.
Мәслихат хатшысы құрылыс басқармасының басшысына «Триумфальная Арка» ТК бойынша жұмыстарды аяқтауға келіскендерін еске салды.
Әрсен Жаңғасқанов соңғы уақытта басқарма өз құзыретіне кірмейтін жұмыстармен айналысып жатқандығын, мысалы, МЖӘ жобаларымен, пәтерлерді жөндеумен, сатып алумен айналысатынын айтты. Басқармада ғимараттарды ұстауға қаражат жоқ, ал сұраныс басқармадан болады, өйткені ол жоба бойынша жұмыс істеуге келіскен.
Ерлан Каналимов «Триумфальная Арка» тұрғын үй кешенінің проблемалық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізуді ұсынды, себебі елордада туристік қызметті белсенді дамыту жоспарлануда.
Қазіргі уақытта басқарма 17 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр, депутаттарда құрылыстардың басталуы туралы сұрақтар туындады.
Баяндамашы ағымдағы жылы үлескерлердің шешілмеген мәселелеріне байланысты қайта бөлу болғандықтан, 5 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталатынын айтты.
Мәслихат хатшысы өткен отырыста депутаттар аяқталуы ағымдағы жылға жоспарланған құрылыс нысандары, ЖСҚ бойынша жұмыстар басталған нысандар бойынша нақты ақпарат беруді сұрағанын атап өтті.
Әрсен Жаңғасқанов басқарма сондай-ақ Жағалау ауданын абаттандыру бойынша бірқатар жобаларды аяқтауды жоспарлап отырғанын, квартал ішінде кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталмағанын, алайда бұл жұмыстарды аяқтау үшін магистралды кәріз желілері бойынша жұмыстарды аяқтау керек екенін айтты. 5 мектептің құрылысы жоспарлануда, саябақтың құрылысы ағымдағы жылы аяқталады.
Мәслихат хатшысы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион бойынша жағдайды нақтылауды сұрады. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау барысында жобалаушылар стадионның апатты жағдайда екенін атап өткен. Өткен жылы бұзу басталуы керек еді, ал енді проблемалар туындауы мүмкін. Сондай-ақ, ол бөлінген қаражат пен қажетті қосымша қаражат туралы ақпарат дайындауды сұрады.
Депутаттарға жоспарланған 16 мектептің, оның ішінде құрылыс басқармасының құзырындағы 5 мектептің құрылысы туралы бірнеше рет баяндалған. Бұл мектептердің жабдықталуы өте қарапайым, зертханасыз. Депутаттарға білім басқармасы басшысынан мектептердің құрылысын жеке инвестициялар есебінен салу бойынша ақпарат қажет.
№ 44, 65 мектептерге 600 орындық жапсарлас құрылыс салу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді, Тұран даңғылында мектеп салу жұмыстары басталды.
Ағымдағы жылы тұрғындардың өтініштері бойынша Кирпичный тұрғын алабында мектеп салу жұмыстарын, №17 мектепке жапсарлас құрылыс салуды бастау қажет, өйткені бұл ауданда тағы бірнеше көппәтерлі тұрғын үй кешені салынды.
Халқы қарқынды өсіп келе жатқан Үркер тұрғын алабындағы мектеп мәселесі шұғыл шешуді талап етеді.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев Лесозавод ауданында мектеп салуға кіріспес бұрын, мәселені мұқият зерттеуді ұсынды, өйткені онда мектептердің толымдылығы жоқ. Сондай-ақ Агроқалашықта да мектеп салу жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Кездесу барысында белсенділер 800-ге жуық бала теміржол өткелі арқылы Агроқалашықта орналасқан мектептерге баратынын айтты. Бұдан, балалар өз ауданындағы мектептерде емес, көрші Агроқалашықта оқиды деген қорытынды жасауға болады. Мұндай жағдайда балалардың қауіпсіздігі мәселесін шешу қажет. Мәселені шешу үшін балаларды мектепке жеткізіп отыратын мектеп автобусы қажет болуы мүмкін.
Ерлан Каналимов құрылыс басқармасының басшысына 16 мектептің құрылысы бойынша егжей-тегжейлі ақпарат дайындауды ұсынды, қайсысы бюджет қаражатына, қайсысы МЖӘ жобасы аясында, қайсысы жеке инвестициялардың көмегімен салынады, оларды аяқтау мерзімдері қандай. Білім басқармасының басшысы келесі отырысқа дайындалып, мектептер мен балабақшалар, олардың толықтырылуы бойынша, сондай-ақ колледждер бойынша ахуалды баяндауы керек.
Денсаулық сақтау нысаны, №1 емхананың жағдайы күрделі мәселе болып табылады. Құрылыс барысында лифт орнату туралы нұсқау берілген, алайда ғимарат екі қабатты болғандықтан, мұнда тек көтергіш орнату жеткілікті. Лифт орнату үшін ғимараттың іргетасын нығайту қажет, бұл қосымша қаржыландыруды талап етеді.
Басқарма Көктал мен Ильинка тұрғын алаптарындағы екі өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, Пригородный ауданындағы құрылыс – жобалау сатысында.
Отырысты қорытындылай келе, мәслихат хатшысы басқарма 102 жобаны іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын, бұл үлкен жүктеме екенін айтты. Басқармаға жосықсыз мердігерге байланысты жобаны орындамау жағдайы туындайтын болса, мәслихатқа жүгіну ұсынылды, бұл ретте депутаттар Қоғамдық кеңеспен, партиямен, белсенділермен бірлесіп, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін болады.