Қаланың қоғамдық кеңесінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті нақтылау талқыланды
02.02.2022
Жаңа жылда Қоғамдық кеңес мүшелері өз отырысын әрдайым үлкен қызығушылық пен белсенділікпен өтетін «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 114/16-VII «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешімінің жобасын талқылаудан бастады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараевтың баяндамасына сәйкес, табыстарға қарай қала бюджетінің шығыс бөлігі қалыптастырылды, ол қаржы қаражатын әлеуметтік салаға, білім беруге, денсаулық сақтауға басым бағыттауды көздейді. Алайда, Қоғамдық кеңес мүшелері бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстардың баптарын орындауды талдау олардың жоспарлау мен орындауды тиісті деңгейде жүзеге асырмайтындығын, іс жүзінде бақылаудың жоқтығын және оның орындалуы үшін жауапкершіліктің жоқтығын көрсетеді.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелерімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға, әсіресе БЦС диагнозы бар балаларға оңалту орталығына бюджет қаражатын бөлудің орындылығы туралы мәселелер көтерілді, ал 2021 жылы осы мақсаттарға бөлінген қаражат пайдаланылмаған, сондай-ақ мектеп оқушылары үшін ыстық тамақтың құны, «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы шеңберінде қоғамдық кеңістіктер, аула аумақтары аудандары бөлінісінде абаттандырумен қамту, білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізуге және тексеру жүргізу қаражат бөлу (атап айтқанда №2 мектеп, оқушылар сарайы), қала аудандары бойынша бюджет қаражатын пропорционалды емес бөлу мәселелері айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері қала әкімдігіне бюджетті сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету, бақылауды және оның орындалуына жауапкершілікті күшейту бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шаралар қабылдауды ұсынды. Қала аудандары әкімдерінің аппараттары қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарын ескере отырып, «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын және бір апта ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесіне аудандар бөлінісінде аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жөнінде атаулы ақпарат ұсынсын.
Жалпы, жоғарыда аталған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімінің жобасы айтылған ескертулерді ескере отырып мақұлданды.