Мәслихатта әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы есеп тыңдалды
27.01.2022
Елордалық мәслихаттың кезекті отырысында әлеуметтік нысандар - тұрғын үй, мектеп, аурухана, спорт және мәдениет нысандарының құрылысы туралы есеп тыңдалды. Құрылыс басқармасына абаттандыру, көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын орнату, салынып жатқан нысандарға кіреберіс жолдарды салу және жеткізу бойынша құрылыс және жұмыстардың нақты кестесін ұсынуды тапсырды.
"Бүгінде "Nur Otan " партиясы елордалық филиалының сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде құрылыс сатысы, жобалау, сараптамадан өту сатысында не бар екенін, сатып алу сатысы, қандай объектілерге ақша бөлінгенін және т.б. нақты түсіну қажет. Әлеуметтік объектілердің құрылысын мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері арасынан қоғамдық бақылау бақылайтын болады. Спорт басқармасына жедел түрде ДСК бойынша ескертулерді түзетуді тапсырды. Сонымен қатар, Білім және құрылыс басқармасына МЖӘ аясында салынып жатқан, жеке меншік және бюджет қаржысына салынып жатқан мектептерді жинақтау және пайдалануға қабылдау мәселелерін бірлесіп пысықтауды тапсырды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.