2022 жылы 40 проблемалық үй аяқталады
31.01.2022
"Nur Otan" партиясы елордалық филиалының өткен жылғы сайлауалды уәделерін орындау бойынша Жол картасының барлық басымдықтары бойынша жоспарланған жұмыстардың 90% - ға жуығы орындалды. Қалған жұмыстар биылғы жылға ауыстырылды, олардың барлығы құрылыс жұмыстарымен байланысты болды. Бұл салада құрылыс материалдарының қымбаттауы байқалды. Бүгін мәслихат қабырғасында "Nur Otan" партиясы фракциясының отырысы өтті. Партия мүшелері экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының есебін тыңдап, алдағы жылға арналған жоспарларды белгіледі, онда тұрғын үй алаптарын дамыту тағы да басты басымдықтардың бірі болып белгіленді.
"Сонымен қатар, жосықсыз құрылыс салушылардың қызметіне қатысты мәселе қаралды. Жақын арада құрылыс, тұрғын үй инспекциясы, МСҚБ басқармасымен бірлесіп "ұзақ құрылыс салуға" жол бермеу үшін шаралар кешенін әзірлейміз. Естеріңізге сала кетейін, биылғы жылдың өзінде осындай 40 проблемалық үйдің құрылысы аяқталады, - деп бөлісті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.