"Жылу сыйла"
24.01.2022
"ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 игі іс" акциясы аясында елордалық мәслихат "Jas Otan" ЖҚ елордалық филиалының мүшелерімен, жастар мәслихаты депутаттарымен және "Мереке" ҚҚ бірлесіп "Жылу сыйла" қайырымдылық акциясын өткізді. Қысқы отынды "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы мен "Мереке" қайырымдылық қорына жүгінгендер алды. "Қысқы отынды сұрыптауда және жеткізуде 80-ге жуық ерікті жұмыс істеді. Көмір арнайы тұрғылықты жеріне жеткізіледі. Акцияны өткізуге қолдау көрсеткен демеушілер мен еріктілерге алғысымды білдіремін. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі-мұқтаждарға қамқорлық жасау. Адамдар мейірімділік таныту арқылы бір-біріне жақсылық жасайды. Біз кезекті Демалыс күнін осындай қайырымдылықпен өткіздік", - деді "Jas Otan" ЖҚ елордалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Бақдәулет Жанділдаев.
"ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 игі іс" акциясының бастамашылары ретінде қалалық мәслихат депутаттары сөз сөйледі. Бұған дейін депутаттар мұқтаж жандарға қан тапсыруға қатысып, жоғары және орта оқу орындарында тегін оқуға гранттар, оттегі концентраторлары мен басқа да медициналық жабдықтар тапсырды.