"Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз"
13.01.2022
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Біздің қала Алматы, Шымкент, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен бірге коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Өздеріңіз білетіндей, КВИ өсуіне байланысты Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен оқушыларды 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін онлайн - оқуға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Өткен тәулікте ғана елімізде COVID-19 ауруының 9122 жағдайы тіркелді. Біздің қаламызда қала тұрғындарын вакциналау және ревакцинациялау жалғасуда. Вакцинация пункттері туралы қала әкімдігінің ресми сайтынан білуге болады. Нұр-Сұлтан astana.gov.kz. ДДСҰ мәліметтері бойынша: "омикронды" тоқтату үшін әр ел халқының 70 пайызын вакцинациялау қажет. Қазақстандықтарды өздерін және жақындарын қауіпсіздендіруге және вакцина алуға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін", - деп жазды әлеуметтік желілер беттерінде мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.