Елорданың төрт тұрғын алабында 4 мектеп салынады
17.01.2022
Биыл елорданың 4 тұрғын алабында 4 мектеп салынады, "Интернациональный" т/а Алғашқы медициналық көмек орталығы ашылады, ал 2024 жылдың соңына дейін "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде "Промышленный" және "Өндіріс" т/а 2 отбасылық денсаулық орталығы салынады.
"Елорда әкімімен бірге "Көктал-1,2" т/а барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, қала маңын дамыту мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда елорданың әрбір төртінші тұрғыны 16 тұрғын алабында тұрады. Өткен жылы аталған т/а - да газбен жабдықтау жүргізілді, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, қоғамдық кеңістіктер ашылды.
Алда абаттандыру, жарықтандыру, тұрғын үй алаптарындағы жолдарды жөндеу және салу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр",- деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.