Тәртіп сақшылары үшін 15 мыңға жуық ыстық тамақты елордалық мәслихат депутаттары «Халық Сақшыларымен» бірлесіп дайындап, жеткізіп берді
10.01.2022
4 күн ішінде елорданың айналасындағы бақылау-өткізу бекеттеріне, полиция бекеттеріне, сондай-ақ елордадағы стратегиялық нысандарды күзететін тәртіп сақшыларына 15 мыңға жуық ыстық тамақ жеткізілді. Бақылау бекеттері электр шәйнектерімен, антисептиктермен, бір рет қолданылатын маскалармен және т.б. Тамақты мәслихат депутаттары мен кәсіпорындардың, медициналық мекемелердің, сондай-ақ депутаттардың өздері жұмыс істейтін жоғары және орта оқу орындарының қызметкерлерінен құрылған барлығы 500-ден астам адам біріккен «Халық Сақшылары» жеткізіп берді.
"Ұсыныспен шығып, санаулы сағаттардың ішінде «Халық Сақшыларын» ұйымдастырып, олардың қатарына өздері қосылған депутаттық корпустағы әріптестеріме үлкен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, халық қалаулылары азық-түлік пен бірінші қажетті заттарды сатып алуға қаржылай көмек ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін ерікті көмекшілер полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздарына елордамыздағы тәртіпті ұйымдастыруға көмектесуде. Қоғамдық тамақтандыру орталықтарына, еріктілерге және көптеген жанашыр азаматтарға мың алғыс", - деді Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.
Мәслихат хатшысы Е.Каналимовтың айтуынша, ыстық тағам өнімдері технологиялық колледжде, ардагерлер ауруханасында, елордалық мектептерде, мейрамханаларда, емханалар мен ауруханаларда, басқа да мекемелерде пісірілуде.
Бүгінгі таңда депутаттар мен еріктілер тәртіп сақшыларының тапсырысы бойынша жеке гигиеналық құралдарды (қырынатын заттар, дымқыл майлықтар, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар, кофе, шай және т.б.) сатып алуды және жеткізуді бастады. Сондай-ақ, елорданың халық қалаулылары бекітілген тұрғын үй алаптарында да тәртіпті сақтауға жәрдемдесу ұйымдастырылғанын айтамыз.