Кезектен тыс сессия: Астананың даму жоспарын бекіту
30.12.2021
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ қатысты.
"Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" негізгі мәселе бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшысының м.а. Алмат Сейітқұлов баяндады. Ол депутаттарға индикаторлардың бір бөлігін уәкілетті органдардың өзгертуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту қажеттігі туындағанын хабарлады. Депутаттардың қарауына іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүзеге асырылатын құжат ұсынылды.
Астананы дамыту жоспарында үш негізгі бағыт бойынша 123 индикатор бар: қала халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, өмір сүруге қолайлы қала, заманауи бәсекеге қабілетті қала.
Алмат Сейітқұлов астананың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қысқаша талдау жасады. Ол астана экономикасының негізін халықтың 63% - ы жұмыспен қамтылған шағын және орта бизнес құрайтынын, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір сүру үшін қолайлы орта құру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде екенін, көлік инфрақұрылымының сапасы жақсарып келе жатқанын атап өтті. Жыл сайын жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 42 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Елбасының астананы газдандыру жөніндегі ауқымды жобасы аясында Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок, Оңтүстік-Шығыс, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын алаптарына газ тарату желілері тартылды, ол үшін 650 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.
Үш ауысымдық кестемен істейтін мектептер саны 8-ден 4-ке дейін, үлкен жүктемелі мектептер саны 22-ден 14-ке дейін қысқартылды. Жол картасы аясында 2025 жылға дейін барлығы 67 мектеп салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,42%-ды, ал медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 15,5% - ды құрайды. 2021 жылдың соңына дейін тағы 5 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, 1 нысанды қайта жаңарту басталды.
Депутат Назгүл Мақжанова Үркер тұрғын алабында 2023 жылға өрт сөндіру депосының құрылысы бойынша тармақтың қосылуына байланысты ескерту жасады, бірақ құрылысты 2022 жылы бастау туралы өтініш жыл ішінде бірнеше рет айтылған болатын.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов ҚР ТЖМ қаржысы есебінен салынатын өрт сөндіру депосының құрылысына қатысты түсініктеме берді. Осылайша, өрт сөндіру депосын салу мерзімі бойынша шешімді ТЖМ қабылдайды.
Депутат Алмат Жүнісов жоспар тармақтарының орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін қаланы дамыту жөніндегі құжатты тоқсан сайын қарауды ұсынды.
Мәслихат хатшысы Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау үшін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушыға жүгінді, оны бейінді комиссияларда бірден 2022 жылдың басында талқылау қажет болатын. Әрбір депутат белгілі бір аумақтарға бекітілген, қаланың белгілі бір бөлігінің тұрғындарымен жұмыс істейді және әлеуметтік нысандардың құрылысы қандай мерзімде жоспарланғанын нақты түсінуі тиіс.
Депутат Айтжан Әбдіров депутаттардың назарын түсіндірме жазбада цифрландыру туралы айтылғанына, бірақ жоспарда осы бағытқа арналған тармақтар жоқ екеніне аударды. Депутат цифрландыру - елорда үшін драйвер болып табылатын бағыт деп санайды. Депутаттың екінші сұрағы еңбек өнімділігінің өсуіне қатысты болды, өнімділіктің артуы қандай резервтер есебінен қамтамасыз етілетінін сұрады. Астана халқының жыл сайынғы өсімін ескере отырып, апатты және үш ауысымды мектептер бойынша үшінші мәселе, мектептер салу жеткілікті бола ма және оқушы орындарына деген сұранысты қанағаттандыратынына сенім бар ма деген сұрақ болды.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 мамырдағы "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ басшысы Әнуар Саипов сөз сөйледі. Ол депутаттарға кадрлық мәселелерге байланысты мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу қажет екенін хабарлады.
"Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" мәселе бойынша мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов сөз сөйледі.
Сессияда шығарылған барлық мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды.