№1 БЖСМ проблемалық мәселелерін шешу елорда депутаттарының бақылауында
23.12.2021
Олимпиадалық резервтің мамандандырылған №1 БЖСМ көркем және спорттық гимнастика шеберлерінің ұстаханасы болып табылады. Тек өткен жылы оның тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі жарыстарда 70-ке жуық медаль жеңіп алды. Мәслихат депутаттары ең кішкентай гимнасттардың жаттығуын тамашалады, жөндеуден кейін спорт мектебінің ғимаратын тексерді. БЖСМ басшылығы бүгінгі күні осы спорт түрлерімен айналысқысы келетіндердің саны артып келе жатқанын, ал залдар келушілердің барлығын бірдей қабылдауға мүмкіндігі жоқ.
"Балама ретінде Оқушылар сарайында жаттығуды ұсынды. Бұл мәселені жеке бақылауға аламын және жақын арада жоғары білікті жаттықтырушылар болашақ чемпиондарды қалыпты жағдайда тәрбиелейді деп сенемін", - деді мәслихат хатшысы.