Тұрғын үй алаптары-ерекше назарда
23.12.2021
Елорда қарқынды өсуде, болжам бойынша 2050 жылға қарай оның халқы 2 млн адамнан асады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың "Бас жоспар" ҒЗЖИ-де өткен көшпелі кеңесінде айтылды. Инженерлік, электр желілерін, су құбырларын және басқа да инфрақұрылымдарды салу мәселелерін талқылады. Маңызды тақырып - тұрақ орындарын құру, жаяу жүргіншілер мен веложолдарды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Елорда жаяу жүргіншілерге арналған қалаға айналуы үшін одан әрі ұмтылу қажет.
"Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына" "Бас жоспармен" бірлесіп,"әлеуметтік" үйлер құрылысының сапасына, олардың жанында саябақ кеңістіктері мен демалыс нысандарын құруға назар аударуды тапсырды. Кездесудің көп бөлігі тұрғын үй алаптарына арналды. Келесі жылдың қаңтар айында "Бас жоспар" мәслихат депутаттарына нақты даму жоспарын ұсыну қажет", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.