2021 жылдың 4 тоқсанында қалалық мәслихат депутаттары 500-ден астам азаматтарды қабылдады
24.12.2021
"Ардагерлер ұйымының өкілдеріне қала көшелеріне атау беру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерімен бірге санитарлық –курорттық емдеуді ұсыну ережелері туралы айтылды", - деді қалалық мәслихаттың хатшысы.
Ерлан Каналимов елордалық мәслихатта азаматтарды дәстүрлі қабылдау өткізді. Өтініш білдіргендердің ішінде 5 адам, негізінен тұрғын үй заңнамасы, мемлекеттік нысандарды сенімгерлік басқаруға беру, жұмысқа орналастыру және басқа да маңызды мәселелер бойынша кеңес алды. Барлық өтініштер бойынша түсініктемелер берілді, олардың кейбіреулері сол жерде шешілді. 2021 жылдың төртінші тоқсанында қалалық мәслихат депутаттары 500-ден астам азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында көптеген мәселелер шешіліп, түсіндірілді. Негізінен, елорда тұрғындарының өтініштері жұмысқа орналастыру, білім беру, ТКШ саласындағы дауларды шешу, еңбек заңнамасы және басқа да мәселелерді қозғады. Мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесімен сіз елордалық мәслихаты сайтында таныса аласыз: https://maslihat01.kz .