Цифрландыру арқылы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" - "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасының басымдығы
24.12.2021
Жаңа технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында басым орын алады. Мәслихат депутаттары 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған "IQala" қалалық қызмет көрсету орталығында елорданың цифрлық жобаларымен танысты. Оның басты міндеті инновациялық тәсілді енгізу арқылы қала тұрғындары мен қонақтарының тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін алуын жеңілдету болып табылады.
"Біз бұл бағытқа ерекше назар аударамыз, өйткені бұл шешімдер қала тұрғындары үшін қолайлы орта құруға және басқа да заманауи қалалармен қатар тұруға көмектеседі. Цифрландыру арқылы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" бағыты "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасында басым бағыт болып табылады",- деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.