Кезектен тыс сессия: астанадағы кадрлық тағайындаулар
24.12.2021
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
"Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы", "Байқоңыр" аудандарының әкімдерін тағайындауға келісім беру туралы" негізгі мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі, ол депутаттарды әкімнің орынбасары Малика Бектұрованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша осы лауазымға Ерлан Бекмұрзаев тағайындалғаны туралы хабардар етті. 2020 жылдың шілдесінен бастап Е.Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі болды. Елордадағы барлық тағайындаулар меритократия қағидатына сәйкес жүргізілді.
Қала әкімі өз сөзінде қалалық мәслихат депутаттарымен келісу үшін Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатовтың кандидатурасын Алматы ауданының әкімі лауазымына ұсынатынын атап өтті, Н.Нұрсағатовтың соңғы лауазымы - Нұр - Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі.
Келісуге ұсынылған екінші кандидатура "Байқоңыр" ауданының әкімі лауазымына Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлының кандидатурасы. Ол 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Байқоңыр" ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген, ішкі саясат, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызметтер мәселелеріне жетекшілік етті.
Алтай Көлгінов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған барлық міндеттері орындалуы тиіс екенін айтты.
Қала әкімі әлеуметтік саясат атқарушы орган қызметінің басымдығы болып қала береді деп атап өтті. Осылайша, үлескерлердің көптеген мәселелері шешілді, газдандыру бойынша 670 км газ тарату желілері жүргізілді, осы процесті аяқтау бойынша алдағы жұмыс әлі де көп. 2 көпірдің құрылысы басталды, нөсер кәрізін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік мәселелер бірінші кезекте шешіледі, бұл астана тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін барлық жобалардың арқасында жүзеге асырылады.
Сөз соңында қала әкімі мәслихат депутаттарына басым міндеттерді іске асыратын кандидатураларды бірауыздан қолдағандары үшін алғыс айтты.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Жол картасын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысы үшін қала әкімі Алтай Көлгіновке алғыс айтты, алдағы мерекемен құттықтап, барлық ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда табыс тіледі.