Сайлау алдындағы уәделерді орындау
21.12.2021
2021 жылдың басынан бастап жергілікті бюджет есебінен елорданың тұрғын үй алаптарында 600-ге жуық жаңа мырышталған контейнерлер сатып алынды және орнатылды. Қоқыс жинағыштардың тағы бір бөлігі ауыстыру (бұзылу немесе бүліну) жағдайында резервте болады. "Контейнерлердің көп бөлігі "Оңтүстік - Шығыс" және "Көктал-2", сондай-ақ "Лесозаводта" орнатылды. "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Баршаға лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасының елордалық филиалының Жол картасындағы осы тармақтар орындалды- деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.
Бұдан басқа, "Clean City NC" ЖШС қоқыс шығаратын ұйымы ағымдағы жылы өз қаражаты есебінен 1 320 бірлік пластик және 463 бірлік мырышталған контейнерлер сатып алды, олар сынған, жанып кеткен контейнерлерді ауыстыру үшін пайдаланылады және азаматтардың өтініштері бойынша қосымша орнатылады. Бұл сандар жыл сайын өсіп келеді, өйткені Елорда өсіп келеді, қоқыс алаңдарын жабдықтауға қажеттілік артып келеді.