Елорданың мәслихат депутаттары Астана қаласы әкімін тағайындауға келісім берді
11.09.2018
Мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисовтің төрағалық етуімен, қала мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен кезексіз сессия болып өтті.
Мәслихат депутаттары Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысын қарастырып, бірауыздан қолдады және Астана қаласы әкімінің қызметіне Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлын тағайындауға өз келісімдерін берді.
Тұрлыханұлы Бақыттың мемлекеттік басқарма мекемелерін басқару қызметтерінде айтарлықтай тәжірибесі бар. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрінің, Статистика агенттігі төрағасының, қаржы вице-министрінің қызметтерінде болды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Президент көмекшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қаржы министрі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған.
Астана қаласының мәслихаты өз шешімімен Астана қаласының Әкімі ретінде Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановты тағайындауға келісім берді.