Елордалық ТЖ қызметінің автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты
15.12.2021
"Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі жол картасы аясында алдағы жылдары қаламызда 3 өрт сөндіру депосы салынады, олардың екеуі тұрғын үй алаптарында орналасады.
"Елордалық құтқарушылардың техникалық жарақтандырылуы мен әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейімен қазіргі уақытта елордалық мәслихат айналысады. Ал ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қалалық ТЖ қызметінің автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты. Бүгінгі таңда елордалық гарнизонда 180-ге жуық техника бар, оның 68-і негізгі, 37-сі арнайы және 69-ы көмекші", - деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.
Ерекше көзге түскен құтқарушыларды ТЖ Министрі мен елорда әкімі медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапаттады. Айта кетейік, жыл басынан бері құтқарушылар 5000-нан астам шақырту алып, 400-ге жуық адамды құтқарды.