Елордалық мәслихат депутаттарына елорда әуежайының сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттері көрсетілді
07.12.2021
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на тура 90 жыл толды.
1931 жылдың дәл осы күні Семей мен Ақмола арасында тұрақты әуе қатынасы басталды. Осы датаға орай терминалдардың салыну тарихынан сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттер ұсынылып, мерекеге арнайы жарияланған фотоальбомға енгізілген. Сонымен қатар, депутаттарға әлемдік тәжірибеге сәйкес жолаушылар мен авиакомпанияларға қызмет көрсетуге қажетті барлық инфрақұрылым көрсетілді. Олар сондай-ақ әуежай қызметкерлері әзірлеген онлайн қосымшалар жұмысымен, сондай-ақ әуе кемелеріне жанармай құюдың бірегей жүйесімен танысты.