Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өкілеттігін Президентке тапсырды
24.11.2021
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өкілеттігін Президентке тапсырды. "Жетекші партияны Президент басқаруы тиіс" деді Елбасы өз сөзінде. Бұл шешім тағы да Елбасының көрегендігі мен сарабдал саясатшы екенін дәлелдеді.
Билік қашан да - біреу. Екі кеменің басын ұстау -кім-кімді болса да құрдымға тартады. Сондықтан бұл шешім - Қазақстанда бір ғана билік бар екеніне нүкте қойды әрі "заң - бәріне ортақ" қағидатын ұғындырды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да партиядан алшақ адам емес. «Nur Otan» құрылғаннан бастап оның басы-қасында жүрген, ұзақ уақыт партияның басқарушы және маңызды шешімдер қабылдаушы органы – Саяси Кеңес Бюросының мүшесі болып табылады.
2019 жылы Президент лауазымына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы осы «Nur Otan»-нан ұсынылды. Соңғы парламент сайлауында партия Мемлекет басшысы өзі жария еткен сайлауалды бағдарламамен айқын жеңіске жетті.
Енді басшылықтың да, біздің де басты міндетіміз-сол сайлауалды халыққа берген уәдені мүлтіксіз, қалтқысыз орындау.