Депутаттар "Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы" КММ жұмысымен танысты
23.11.2021
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы" КММ-нің және елорданың шақыру пункттерінің проблемалық мәселелері елордалық мәслихаттың таяудағы отырысында қаралады. Жақында депутаттар қойма үй-жайларының жұмысымен және әскери комиссариаттардың қызметкерлері мен шақыру комиссияларының мүшелері қандай жағдайда жұмыс істейтіндігімен танысты. Мысалға алғанда Затаевич көшесі, 13 мекен жайы бойынша жинау пунктінің жағдайы жұмысқа жарамсыз екеніне көз жеткізді.
"Пункт басшылығы оларға тиісті инфрақұрылымы бар жаңа тиісті ғимарат беруді сұрайды. Сонымен қатар, жақын арада бірнеше ондаған мың жігіт тіркеу комиссиясынан өтеді, содан кейін дәстүрлі көктемгі және күзгі шақырулар өтеді", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Азаматтық қорғаныс мұқтажы үшін техниканы, керек-жарақты, газтұтқыштарды, шатырларды және басқа да көптеген заттарды сақтауға арналған тиісті үй-жайларға "Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі орталық" КММ де мұқтаж.