Елордада алғаш рет "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің жәрмеңкесі өтті
17.11.2021
Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар мен киім, тоқыма өнімдері, ойыншықтар, суреттер, кәдесыйлар және тағы басқалар ұсынылды. Ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер Палатасы, менің әріптесім мәслихат депутаты Алмат Жүнісов. "Бастау Бизнес " жобасы елордада 2019 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 6,2 мыңнан астам адам оқытылды. Жоба түлектерімен 2 мыңға жуық жаңа кәсіпкерлік субъектілері құрылды, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.