Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Қоғамдық кеңес төрағасын мерейтойымен құттықтады
18.11.2021
Көрнекті қоғам қайраткері, елордалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов бүгін өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мерейтой иесін кеңес бойынша әріптестер, мемлекет қайраткерлері салтанатты түрде құттықтады. Салтанатты құттықтау жеделхаттары еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтан, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтан, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматуллиннен келіп түсті. Сансызбай Сейітжанұлы еңбек жолын теміржолшы – монтер мамандығынан бастаған. Ұзақ уақыт елорда әкімдігінде жұмыс істеді, Мәжіліс депутаты болып сайланды. Заң шығару саласының дамуына зор үлес қосқан, Елорданың құрметті азаматы. Ерлан Каналимов мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт және ел игілігі жолындағы қоғамдық қызметіне табыс тіледі.