Жыл соңында "Жастар сарайы" елорда тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашады
22.11.2021
Қалалық мәслихат депутаттары бүгін күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жарты ғасырға жуық уақыт бұрын салынған ғимарат жастардың ғана емес, аға буын өкілдерінің де тартымды орындарының бірі және елордамыздың айшықты белгісі болып табылады. Ұзақ уақыт бойы сарай жөнделмеген, ал қазір жөндеуден өткеннен кейін мұнда көп нәрсе сақталған - бұл мәрмәр едендер, сонымен қатар фойедегі кескіндеме. Жүзу бассейні, сондай-ақ концерт залы жаңартылған пішінде пайда болды, әртүрлі спорт секциялары жұмыс істей бастайды және т.б. Жастарға арналған коворкинг орталықтары мен сурет галереясы ашылады.