Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы: бюджетті нақтылау
11.11.2021
Қалалық мәслихатта мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лариса Павловец, қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №34/4-VII «Нұр-Сұлтан қаласында алты жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ басшысының м.а. Нариман Еламанов сөз сөйледі. Өзгерістер енгізу мектептің пайдалану мерзімі 66 айдан 60 айға дейін қайта қаралуына, тиісінше мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемінің қайта қаралуына байланысты.
Нариман Еламанов сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 19 мамырдағы №140/19-VI «Нұр-Сұлтан қаласында балабақшалар салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» екінші мәселе бойынша сөз сөйледі. Өзгерістер енгізу жекеше әріптестің ұзақ уақыт бойы міндеттемелерін орындамауына байланысты, онымен шарт бұзылады.
Мәслихат хатшысы депутаттардың атынан әкімнің орынбасары Асқар Амринге МЖӘ жобаларын іске асыруды қатаң бақылауда ұстауды өтінді, өйткені балабақшаларды салу және пайдалану бойынша жоба 4 жылға созылып, аяқталмады, бұл жағдайда бюджет қаражатының жұмсалмағаны ғана қуантады.
Әкімнің орынбасары Асқар Амрин ескертудің қабылданғанын, әкімдік жекеше әріптеске жобаны іске асыруға мүмкіндік бергенін, алайда барлық мерзімдер өткенін, сондықтан барлық шарттық міндеттемелер тоқтатылатынын айтты.
Депутат Ерлан Сыдықов елордалық мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру қажеттілігі туралы мәселені көтерді, инновациялық технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін жоғары білімді педагогтар қажет. Қазір үздік халықаралық тәжірибелерді, мысалы Финляндияның тәжірибесін зерттеп, оларды оқу барысында пайдалану керек. Егер қаражат болса, мектептер мен балабақшалар салынады, ал жоғары білікті мұғалімдерді даярлау одан да қиын міндет. Елордада педагогтарды жаңа технологиялар бойынша дайындайтын бірде-бір жоғары оқу орны жоқ екені баршаға мәлім. Ал елордаға мұғалімдер өңірлерден келеді, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу қажет. Елорданың білім басқармасы бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауға тиіс.
Кезектен тыс сессияның негізгі мәселесі – «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №553/77-VI «Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Аталған мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Маңқараев баяндама жасады. Меншікті кірістердің нақты жиналуына жүргізілген талдауды ескере отырып, 2021 жылға арналған жоспарды 20,1 млрд-қа ұлғайту жағына қарай қайта қарау ұсынылады.
Салықтық түсімдер бойынша жоспарды 14,5 млрд. теңгеге ұлғайту, салықтық емес түсімдер бойынша жоспарды 2,6 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылады.
Кірістерге сүйене отырып, қала бюджетінің шығыс бөлігі қалыптастырылды, ол қала тұрғындары үшін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, қаржы қаражатын әлеуметтік салаға, білім беруге, денсаулық сақтауға басым бағыттауды көздейді. Осылайша, денсаулық сақтау басқармасына КВИ вакцинациясы және ревакцинациясы бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеуге, дербес жылыту бойынша шығыстарға, ведомстволық бағынысты ұйымдарды күрделі жөндеуге қосымша қаражат көзделген. Білім басқармасына мұғалімдердің жалақысына, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қарастырылған. Мәдениет басқармасына - шығармашылық тапсырысты іске асыруға (үйірмелерге қатысатын балалардың санын арттыру), М. Горький атындағы орыс драма театрының ғимаратын жөндеуге және реставрациялауға. Спорт басқармасына спортшылардың іссапар шығыстарына, жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыруға, спорттық іс-шараларды өткізуге көзделген. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына - әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға. Сәулет басқармасына - елорданың 2025 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеуге, қаланың геолокациялық порталын сүйемелдеуге. Құрылыс басқармасына көп пәтерлі тұрғын үй кешені құрылысын аяқтауға қосымша қаражат көзделген.
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, депутат Владислав Сергеев мәслихат сессиясына қатысушыларды жақында фракция отырысы өткізілгені туралы хабардар етті, онда келесі аптада барлық басқармалармен Жол картасының тармақтарын егжей-тегжейлі талқылау қажет деп шешілді, себебі көптеген тармақтар білім беру және денсаулық сақтау нысандарын тапсырумен байланысты, сайлауалды бағдарламаның барлық тармақтары барынша орындалуы тиіс.
Қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин депутаттарға 2022 жылға жоспарланған барлық нысандар Жол картасының тармақтарымен сәйкес келетініне сендірді, сондықтан Жол картасында бар 107 тармақтың барлығы орындалады, тек 6 тармақ бойынша әкімдік орындау мерзімін кейінге қалдырады, бұл туралы партияның орталық аппаратымен уағдаластық бар, қалғандары бойынша қаражат көзделген. Әкімдік мерзімі бойынша нысандарды пайдалануға берудің ай сайынғы жоспарын іске асыруда. Өкінішке орай, көбінесе мерзімдер сақталмайды, бірақ келесі жылға алынған барлық міндеттемелерге қаржы бөлінген.
Депутат Алмат Жүнісов әлеуметтік бағыттар бойынша сұрақ қойды, қандай бағдарламалар толық қаржыландырылмайды және қандай сомаға, мысалы, әлеуметтік бағыттар бойынша. Халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Карантинге қарамастан көлік инфрақұрылымы бойынша экономикалық көрсеткіш жақсарды. Бейінді комиссияның отырысында депутаттар автобус парктері, қоғамдық көлік мәселелерін талқылайды, депутат әкімдіктен комиссия мүшелері әзірлейтін ұсыныстарды ескеруді сұрады.
Қала әкімінің орынбасары 714 млрд. теңге, даму бюджеті 20% - 212 млрд. теңге және 30% әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалғанын айтты. Барлық тиісті жәрдемақылар, төлемдер, жалақылар төленеді. Қоғамдық көлікке субсидияларға келетін болсақ, бұл бағыт бойынша жыл сайынғы өсім байқалады, биыл 12 млрд теңге қарастырылған, бірақ іс жүзінде 17 млрд. теңге бөлінді. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы орган сатып алынған электр автобустарының төлемін төлейді, осылайша 20 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалады. Сома өсетін болады, әрбір автопарк есептік тарифті ұлғайтуға құқылы. Нарыққа электр автобустарымен жеке серіктестер кіруде және әкімдік бұл бастаманы қолдайды, өйткені бұл экологиялық мәселелермен байланысты.
Депутат Азамат Айтхожин әкімнің орынбасарына қоғамдық тасымалдау жағдайы туралы толық ақпарат пен нақты түсініктеме бергені үшін алғысын білдірді, депутат комиссия отырысына жағдайды жетік білетін мамандарды жіберуді сұрады.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі Уақытша комиссиясының төрайымы, депутат Алтыншаш Табулдина бірлескен отырыста «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы №350/43-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» және «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы №351/43-VI «Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері бойынша егжей-тегжейлі баяндағанын хабарлап, өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдауды сұрады.
Депутаттар тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев сессия қатысушыларына жұмыс орнының ауысуына байланысты Тексеру комиссиясының мүшесі Кенжин Қанат Энтагалиевич комиссия мүшелігінен босатылғанын хабарлап, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Мұқанов Сәбит Төлеуұлының кандидатурасын ұсынды.
Мәслихат хатшысы бұдан бұрын бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері Сәбит Төлеуұлы Мұқановтың кандидатурасын мақұлдағанын нақтылады.
Бұдан әрі Ерлан Каналимов «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №364/45-VI «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Өзгерістер енгізу Дихан Қамзабекұлының өз тілегі бойынша Қоғамдық кеңес құрамынан шығу туралы өтініш жазуына байланысты.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов депутаттарға тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй қорын жаңарту жобасын іске асыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамына кадрлық өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына шығарылған барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.