Күн тәртібінде елордада қосымша білім беруді дамыту
02.11.2021
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес отырыста «Балалар мен жасөспірімдер санын ескере отырып, елордадағы қосымша білім беру жағдайы және оны дамыту туралы» мәселені талқылады.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Есілов Сансызбай Сейітжанұлы атап өткендей, сапалы білім алу және оқушылардың дамуы үшін жан-жақты жағдай жасау үшін мектеп құрылысынан бөлек қосымша білім беруді дамытуға ерекше назар аудару қажет. Ата-аналардың көпшілігі мектеп бағдарламасынан басқа, баланы жан-жақты дамытуға ұмтылады. Елордада баланың мүдделеріне сәйкес келетін, үйден алыс емес үйірме табу, бұл нағыз проблема.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова өз баяндамасында қосымша білім беру жүйесін 30 мың 664 оқушыны қамтитын 11 ұйым, 152 филиал, 9 коммьюнити орталық ұсынатынын атап өтті. Балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту мақсатында 2020 жылы жаңа орталықтар ашу бойынша жұмыс жүргізілді: "Арқа ALAN" ұлттық спорт түрлері, "Art Tumar" сәндік-қолданбалы өнер, "Тех әлем" техникалық шығармашылық орталығының филиалы, "Жас туристер станциясы" ММ.
Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін № 90,42 мектептер мен балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығында 300-ден астам баланы және 3 Комьюнити орталықты қамтитын тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан Балалар көркемсурет мектебі мен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының филиалдары ашылды.
2020 жылы қаланың әр ауданында алғаш рет 1000-нан астам баланы қамтитын балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары ашылды.
Сондай-ақ, 50 мектепте оқушылар арасында ұлттық ойындар мен өнерді насихаттауға бағытталған "Altyn Urpaq" жобасы іске асырыла бастады, шамамен 7, 732 мыңға жуық бала қамтылды.
Жаңғырту нәтижесінде М.Өтемісовтың атындағы Оқушылар сарайында: «Қолданбалы шығармашылық», «Әлеуметтік шығармашылық», «Шахмат және тоғызқұмалақ», «Лингвистика», «Домбыра», «Бейнография және
3D анимация» шеберханасы және 2 роботехника кабинеттері ашылды.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, танымдық және ғылыми белсенділігін арттыру мақсатында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының базасында цифрлық шығармашылық құралдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын, сондай-ақ сертификат алу және цифрлық технологияларды қолдану бойынша Халықаралық емтихан тапсыру үшін "Tanym" креативті технологиялар орталығы ашылды.
Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысына қатысушылар атап өткендей, қалада Мемлекет басшысының балаларды қосымша біліммен барынша қамту бойынша тапсырмасы жүзеге асырылуда.
Қоғамдық кеңес комиссиясының төрайымы А.Т. Бимендинаның төрағалығымен жұмыс тобы қосымша білім беру ұйымдарына бару арқылы осы мәселені алдын ала зерделеді. Қала шетінде тұратын оқушыларға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында техникалық шығармашылық орталығының филиалы, Мичурино тұрғын алабында қосымша білім беру орталығы ашылды, сондай-ақ "JAS TARLAN" әскери-патриоттық орталығының ашылуы жоспарлануда.
Отырыста талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері кейбір проблемалық мәселелерге назар аударды. Мәселен, қосымша білім беру ұйымдарының қолда бар алаңдары балаларды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік бермейді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі деңгейінде қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы, қосымша білім беру жүйесі үшін педагог кадрларды даярлау жөніндегі мәселелер әлі де шешілмеген болып отыр. Білім басқармасы жанындағы Жаңғырту орталығы қосымша білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетпейді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, қосымша білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау мәселесіне назар аудару қажет.
Талқылау қорытындысы бойынша қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын одан әрі жақсарту, жаңа орталықтар ашу және балалар мен жасөспірімдерді көбірек тарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысында "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" ММ басшысы Б.А. Куптлеуованың
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының білім беруді жаңғырту орталығының қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы ақпараты тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша білім басқармасы мен жаңғырту орталығына мониторинг барысында анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары туралы, Нұр-Сұлтан қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері мәселелерді талқылауға шығарғанға дейін қорытындылар берді, олар бойынша отырыс барысында толық жауаптар алынды және айтылған ескертулер мен ұсыныстар назарға алынды.
Қоғамдық кеңестің отырысына мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.