Елордалық мәслихат депутаттары IT саласындағы білім берудің жаңа технологияларымен таныстырылды
22.10.2021
ASTANA IT UNIVERSITY-тің басты мақсаты - елді "цифрландыруды", атап айтқанда экономиканы басқаруды табысты іске асыру, "электрондық үкіметті" одан әрі енгізу үшін жоғары білікті IT-мамандарды шығару. Бүгінгі таңда елдегі көптеген процестер мен қызметтер сандық режимге көшті, көптеген онлайн қызметтер үйреншікті жағдайға айналды. Елордалық мәслихат депутаттарын IT саласындағы білім берудің жаңа технологияларымен таныстырды. Цифрлық бағыт жайлы ортаны қамтамасыз ету үшін елорданың көптеген міндеттерін шеше алатын ерекше сала болып табылады.
"ЖОО басшылығымен кездесуде бірлескен жобалар, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, түлектердің болашақта жұмысқа орналасуы туралы айтылды. Біз жақын арада студенттерді тұрмыстық және компьютерлік техниканы жөндеуге, содан кейін елорданың мұқтаж тұрғындарына беру үшін тартамыз деп келістік", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.