Жыл соңына дейін елордалық СОБР бөлімшесі жаңа ғимаратқа көшеді
27.10.2021
Қалалық мәслихаттың отырыстарында депутаттар жедел әрекет етудің мамандандырылған жасағын көшіру мәселесін бірнеше рет көтерді. СОБР бөлімшесі үшін базаның құрылысы 5 жыл бұрын басталған, бірақ мердігерлердің жауапсыздығынан сот даулары бұл процесті тоқтатты. Бүгінде проблемалық нысан айтарлықтай өзгеруде және жақын арада пайдалануға беріледі.
"Қазірдің өзінде бірқатар негізгі жұмыстар жүргізілді және бірнеше айдан кейін ғимараттар 500-ден астам полиция қызметкерлеріне есігін айқара ашады. Сонымен қатар, патрульдік полиция полкімен мәселе шешілуде. Әкімшілік ғимараттар мен арнайы техникаға арналған ангарлар салу үшін жер алаңдары іздестірілуде", - деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.