Құрметті елорда тұрғындары!
18.10.2021
БАҚ-дағы соңғы жарияланымдарға байланысты, елордалық мәслихат депутаттардың жатын аудандарда ақылы тұрақ орындарын енгізу бойынша жобаны қабылдағаны, сонымен қатар, тұрақтың бір сағаты 100 теңге құрайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарады. Бүгін мәслихатқа емес, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелеріне осы ұсыныс таныстырылды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының қарауына бұл мәселе шығарылған жоқ.