Мәслихат хатшысы: "Сайлауалды бағдарламаның орындалуында оң динамика байқалуда"
11.10.2021
Қазақстандық БАҚ-тың біріне берген сұхбатында мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы айтты.». Оның айтуынша, елордада 107 пункт қарастырылған, оның 9-ы бүгінгі күні орындалды. Сонымен қатар, 56 тармақ бойынша 2021 жылға көрсеткіштер орындалды.
"Жол картасын орындау мәселелері Нұр-сұлтан қаласы әкімінің кеңестерінде, мәслихаттағы "Nur Otan" партиясының депутаттық фракциясының отырыстарында, сондай-ақ өңірлік Қоғамдық кеңестердің отырыстарында, оның ішінде объектілерге бару арқылы жүйелі түрде қаралады. Жалпы, сайлауалды бағдарламаны орындауда оң динамика байқалады", - деді Е.Каналимов.
Жыл басынан бері, оның айтуынша, жоспар бойынша 10 мың пәтер болса 6500 пәтер берілді, 8 мектеп салынды, "үй жанындағы дәрігер" жобасы аясында 7 амбулатория ашылды, үлестік қатысуымен 8 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды, Көктал-2, "Өндіріс" тұрғын үй алаптарында спорт кешендері салынды, 4 885 үй газбен жабдықтауға қосылды, 3 жаңа бағыт іске қосылды, 8 көшеде қосымша автобус жолақтары енгізілді, ұзындығы 60 км 115 көшеге жөндеу жүргізілді.Әлеуметтік осал топтағы 100 мың тұрғындарға арналған тегін жол жүру тарифтері сақталды.