Елорданың қоғамдық кеңесі мүшелерінің Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрімен кездесуі өтті
09.10.2021
Жақында Қоғамдық кеңес мүшелері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің министрі Аида Ғалымқызы Балаевамен кездесуі өтті.
Кездесуді аша отырып, елорданың қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов қатысушыларды 5 жыл ішіндегі жұмыс нәтижелерімен таныстырды. 2016 жылдың наурызан бастап 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін 109 отырыс өткізілді, онда 507 мәселе қаралды, оның ішінде 453 азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілер. Олардың ішінде-қала жолдарының жағдайы және көше-жол желісін дамыту; қоғамдық көлік жұмысы; тұрғын үй құрылысы мәселелері; кәсіптік білім беруді дамыту; медициналық қызмет көрсету; абаттандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында реформаларды іске асыру; "1000 орын – көше саудасы" жобасы; пандемия жағдайында жаңа оқу жылының басталуына білім беру мекемелерінің дайындығы және т.б. Проблемалық мәселелер де айтылды. Мысалы, қаланың коммуналдық меншігін есепке алу, сақтау және тиімді пайдалану жағдайы, жасыл желектердің жағдайы және күтіп ұстау және басқалар.
Аида Балаева өз сөзінде ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына еңгізілген түзетулерді іске асыруға тоқталып, мемлекет пен қоғамның дамуы бірінші кезекте орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетіне байланысты екенін атап өтті. Азаматтардың көтерген өзекті мәселелерін талқылау және жұмыстың қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында Аида Балаева елорданың қоғамдық кеңесінің мүшелерін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Ә.Т. Бимендина, М. К. Мұстафин, М. А. Оралов, А. Т. Нұркеева, Е. А. Бағдатов Қоғамдық кеңеске қала тұрғындары жүгінетін мәселелерді айтты. Бұл жастармен жұмыстың жеткіліксіздігі, жасөспірімдер арасындағы суицидтің өсуі, коммуналдық кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға берудің орындылығы, азық-түлік бағасының өсуі және т.б. мәселелер.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық айтылған мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, қаланың атқарушы органдарымен бірге пысықталатын болады.