Көптен күткен қоныс тойы
07.10.2021
Пәтер кілттерін шаршы метрге кезекте тұрған, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан келген азаматтар алды. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1884 пәтері бар "Отау" көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Елордалық мәслихат хатшысы елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновпен бірге жаңа қоныстанушыларды құттықтады. Жақын арада МТК жанында жаңа мектеп, балабақша, медициналық орталық салынады. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, автобус бағыты ұйымдастырылды.
"Биыл елордада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Тек соңғы 3 жылдың ішінде Қолжетімді баспана саны 5,5 есеге артты", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.