Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
30.09.2021
"Астана Бас жоспары "ҒЗЖИ" ЖШС базасында қаланың қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркенов, қала басқармаларының басшылары қатысты.
Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшелеріне жүргізілген жұмыстар мен келешекке арналған жоспарлар туралы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтып берді. Басқарманың маңызды міндеттерінің бірі-елорданы перспективалық дамытудың Бас жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету, халыққа сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу және т.б. болып табылады. Бас жоспарды іске асыру шеңберінде 2020 жылғы қарашада елорданы одан әрі дамыту үшін аса маңызды төрт ірі жобаны әзірлеу басталды. Жеке инвестициялар есебінен ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда: клиникалық-диагностикалық орталық, заманауи жылыжай кешені, электробустар паркі, ет өңдеу кешені, клиникалық-диагностикалық орталық және басқалар. 2020 жылы маңызды нысандар: қазақ драма театры, жеңіл атлетикалық манеж пайдалануға берілді, ағымдағы жылы 30 мың келушіге арналған жаңа мешіттің, "АбуДаби Плаза" көпфункциялы кешен құрылысын аяқтау жоспарлануда.
2020 жылы Бас жоспардың ережелерін өзара байланыстыруды көздейтін және экономикалық, бюджеттік, демографиялық, әлеуметтік, физикалық және басқа аспектілермен техникалық құжат болып табылатын Мастер-жоспар бекітілді. Қоғамдық кеңістіктер құру, аулаларды қайта жаңарту, "Жасыл артерия" жобасын іске асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үй, білім беру нысандары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Есепті талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері басқармаға ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметкерлерінің жеткілікті түрде үйлесімді жұмыс істемейтінін және олардың "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қалалық филиалымен өзара іс- әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ, «Кирпичный» тұрғын үй массивінің үйлерді қайта жаңартуға рұқсат алу бөлігіндегі қазіргі проблемалары айтылды. Қоғамдық кеңес мүшелері аула клубтарының жағдайына назар аударуды және барлық қажетті талаптарға жауап беретін үй-жайларды беру туралы мәселені қарауды сұрады. Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін орындарды анықтау мәселесін зерделеу ұсынылды.
Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Қоғамдық кеңес мүшелеріне қала тұрғындары үшін нүктелі құрылыстың аса маңызды мәселелері, 3-ЖЭО құрылысының аяқталуы, әлеуметтік және қолжетімді тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер туралы айтып берді. Ол қала билігі қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Нұрлан Нұркенов атап өткендей, биылғы жыл – бұл бас жоспарды түзету жылы және барлық жоспарланған жұмыстар белгіленген Мастер-жоспар бойынша орындалатын болады.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басшысының есебін назарға алып, Мастер-жоспардың тиісті іске асырылуын қамтамасыз етуді, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестерін оңтайландыруды және толық автоматтандыруды, қалада іске асырылып жатқан сәулет және қала құрылысы саласындағы ірі жобалар туралы халықты үнемі хабардар етуді ұсынды.
Қоғамдық кеңес мүшелері көші-қон процестерін реттеу қағидаларына өзгерістер еңгізу туралы мәслихат шешімінің жобасын талқылады. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Смайылов құрылыс саласында жұмыс күшінің жетіспеушілігі туралы мәселені көтерді және кеңес отырысында қалаға шетелдік жұмыс күшін тарту туралы мәселені шешу бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын жеке тыңдауды ұсынды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Роман Ким Қоғамдық кеңес мүшелеріне Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді ұсынуы бойынша жүргізілген талдау қорытындыларын ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Департаментке азаматтарға уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетпейтін мемлекеттік органдарды Кеңес отырысында тыңдау бойынша өз ұсыныстарын еңгізуді ұсынды.