Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
03.10.2021
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шексіз алғыс білдіре отырып, елорданың білім беру саласының барлық қызметкерлерін және педагогикалық еңбек ардагерлерін Ұстаздар күнімен құттықтайды!
Әр адамның өмірінде мектеп - бұл білім мен дағдылардың негізі ғана емес, сонымен қатар адамгершілік ұғымдар мен азаматтық ұстаным қалыптасатын кезең.
Елорда мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы балалар мен жастардың білімі мен тәрбиесінің сапасына тікелей байланысты, сондықтан мемлекет тарапынан педагог мәртебесін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Ел болашағы – педагогтардың қолында, олардың жоғары кәсібилігі, қайсарлығы, балаға және өз ісіне деген сүйіспеншілігі, қажырлы еңбегі мен әрдайым шығармашылық ізденісі ертеңгі күннің мықты іргетасын қалауға зор ықпалын тигізеді.
Осы тамаша мамандық өкілдеріне денсаулық, сарқылмас қуат, шығармашылық шабыт, жақындарының қолдауы мен сүйіспеншілігін тілейміз!
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов