Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында жан-жақты қолдау, бұқаралық спортты дамыту
28.09.2021
Бүгін елорда мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттарға жаңартылған "Elorda Jastary" бағдарламасы таныстырылды. Таяудағы үш жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандарына жеңілдікпен кредит беретін "Elorda Zhastary" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде жылдық 5%-бен 400-ге жуық пәтерді кредиттеу жоспарланып отыр, қарыздың ең жоғары сомасы қарыз алушының қосымша өз қаражатын тарту мүмкіндігімен 13 млн теңгені құрайды.
Баяндама жасаған жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, жетім балалардың тілегі бойынша қызмет саласына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласында «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар санаты қосылды. Бағдарламаның орындалуын елордалық мәслихат депутаттары ерекше бақылауға алды.