Елорданы газдандыру мәселелерін талқылау
24.09.2021
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтің төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысында «Нұр-Сұлтан қаласын газдандырудың проблемалық мәселелері туралы» мәселе қаралды. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Төлеген Құлұшев баяндама жасады.
Елорда үшін газ тарату желілерін салу өте маңызды, өйткені ол қала халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, атмосфераны ластайтын шығарындыларды азайтуға ықпал етеді.
2019 жылдың күзінде 9 іске қосу кешені бар жобаның 1-ші кезегінің құрылысы басталды. 2,3-ші кезектер бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, оларды іске асыру мерзімі 2021 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту арқылы жоспарланып отыр. 1, 2, 3, 4 және 7-ші іске қосу кешендері бойынша жұмыстар аяқталды, желілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на тапсырылды.
Бүгінгі күні «Железнодорожный» тұрғын алабында, Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінде алғашқы тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. Тұрғындарды кезең-кезеңмен қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы отырысқа қатысушыларды 2021 жылдың қарашасына дейін 5-ші іске қосу (Агроқалашық), 8-ші іске қосу (Оңтүстік-Шығыс сол жағы, оң жақ бөлігі, Промышленный т/а), 9-шы іске қосу (Оңтүстік-Шығыс оң жағы) кешендері қолданысқа енгізіледі деп сендірді.
Тұтынушылардың қосылу шығындарын азайту мақсатында Әлеуметтік қорғау басқармасы газ желісіне қосылу үшін халықтың қорғалмаған топтарына 263 мың теңге мөлшерінде өтемақы жүргізуде. Сондай-ақ, газдандыру жобасында есептеу құралдарын сатып алу қарастырылған, бұл оны тұтынушыларға тегін негізде беруге мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Дәулет Артықов депутаттарға ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2019 жылы Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының желілері сенімгерлік басқаруға берілгенін хабарлады. Осы шешім шеңберінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда Астана өндірістік филиалы құрылды. Қоғам қызметінің басты бағыты газбен апатсыз және үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.
Елордада барлығы 225 км. жоғары, орта және төмен қысымды газ құбыры іске қосылды, жыл соңына дейін тағы 381 км іске қосу жоспарлануда.
2020 жылдың 31 қаңтарында қала әкімдігі меморандумға қол қойды, оның аясында елорданың газ тарату желілерін сүйемелдеу «ҚазТрансГаз» АҚ-на тапсырылды. Кейіннен газға қосудың техникалық шарттарын беру өкілеттіктерін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на тапсыру жөнінде тағы бір меморандум жасалды.
Депутат Владислав Сергеев жауапты адамдар жоғарыда баяндағандай бәрі жақсы емес екенін атап өтті. Күн сайын дерлік депутатқа Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының тұрғындары газ қосу туралы сұрақтармен жүгінеді. Маусым айындағы алғашқы кездесуде тамыз айында газ іске қосылады деп уәде берілген. Екі ай мерзім өткенімен, жағымды жаңалықтар жоқ. Шағын ауданның көлік жүретін бөлігінде жол құрылысына жауапты қызметтермен тиісті келісім болмауына байланысты бейберекет тәртіпсіздік орнаған. Бұл тұрғын үй алабы бойынша қандай жоспарлар бар, газға қосылуға үміттенген, ал қазір асығыс көмір сатып алып жатқан тұрғындарға не күту керек.
Депутат тұрғындарды газдандыру жоспарлары туралы хабардар ету үшін олармен кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Газ бен жолдарға қатысты шешілмеген екі мәселе тұрғындарда наразылық туғызуда, оның үстіне оларға көмір сатып алу үшін шығындануға тура келеді. Сондай-ақ, депутат көмір бағасының көтерілуіне және оны сатып алудың қиындығына қатысты тұрғындардың шағымдарына басқарма басшысының назарын аударды. Бұл жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның қандай жоспарлары бар. Депутат Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабын газға қосудың нақты мерзімдерін атауды сұрады.
Депутат Асқар Смағұлов мамандандырылмаған тыңдаушы үшін баяндамашылардың газ тарату желілеріне қосылу жөніндегі ақпараты дерексіз екенін және нақты жағдай туралы түсінік бермейтінін атап өтті. Тыңдаушылар үшін қанша үй газдандырылғаны туралы ақпарат қажет пе? Және де үй газдандырылды деген ұғымға не кіреді, магистральдық желілерді өткізу ме немесе тұрғындардың газды пайдалану мүмкіндігі болатындай, үйді газға қосу ма. Депутат ақпарат түсінікті және нақты болу керек деп санайды. Әрбір депутатқа белгілі бір тұрғын алабы бекітілген және ол өз учаскесіндегі үйлердің қанша бөлігі газдандырылғанын, қанша бөлігі белгіленген мерзімде қосылатыны жөнінде нақты ақпарат алуы керек.
Асқар Смағұловтың келесі сұрағы Интернациональный тұрғын алабын газдандыруға қатысты болды. Ондағы 16 үйдің меншік иелері техникалық шарттарды алған, суық маусым басталды, алайда тұрғын алабы ағымдағы жылдың соңына дейін газға қосылмайды деген қорытынды жасауға болады. Интернациональный тұрғын алабының жанында саяжай кенті орналасқан, оған газ тартылған, бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяжайларды газға қосуға тыйым салынады. Бұл мәселе қалай шешілетіні туралы жауапты тұлғаларға сұрақ. Саяжай кентінің тұрғындарына жалған үміт берілген болып отыр ғой.
Мердігер ұйым осы жобаның операторы бола отырып, газ тарату желісін бекітілген жобаға сәйкес жүргізуі тиіс. Алайда, бүгінгі таңда ұйым жасанды түрде мәселе туындатып отыр, оң шешім қабылданған жағдайда басқа саяжай кенттерінің тұрғындарында сұрақтар туындайтын болады.
Неліктен бір ауылдың тұрғындары газды пайдалана алады, ал басқалары үшін мұндай мүмкіндік жоқ.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов мердігер ұйымның басшысына саяжай кентіне дейін қанша шақырым желі төселгенін және газ құбырының 1 шақырымы қанша тұратынын сұрады.
Мәслихат хатшысы Nur Otan партиясының Жол картасына сәйкес 9 мың үйді газ тарату желілеріне қосу ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Ол депутат Асқар Смағұловтың ақпараттың нақты болуы керек деген сөзін құптады, Жол картасында газ желісін өткізу емес, газға қосу туралы айтылады. Газдандыру қаланың екі - Сарыарқа және Алматы аудандарында жүргізіледі. Бүгінгі күні Сарыарқа ауданы бойынша 464 үй, Алматы ауданы бойынша 97 үй қосылған, қосылу сатысында 12 үй тұр, 76 үйде монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай қарқынмен Жол картасында жоспарланғанның 10% - ы да орындалмайды.
Бұл мәселені Бюро отырысында қарау керек. Екі ауданда 2 негізгі мердігер жұмыс істейді. Алматы ауданының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында жүргізіліп жатқан жұмыс сапасы бойынша сұрақтар бар, мәселен, жұмыстар үшін бір жарым-екі метр траншея қазылған, алайда жол жабынын оңай қалпына келтіру үшін 15-20 см жеткілікті болған.
Сондай-ақ, мәслихат хатшысы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңын өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ Қоғам Жарғысын және ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бұзу бөлігінде елеулі бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.
Депутат Ғабит Тәжімұратов Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын газ тарату желісіне қосу жөнінде ұсыныс жасады.
Тұрақты комиссия отырысының қарауына шығарылған мәселе талқыланды және ол бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып, тиісті қаулы қабылданатын болады.