Сайлау алдындағы "Nur Otan" бағдарламасы: қаланың инфекциялық стационарлары 100% қажетті жабдықтармен жабдықталған
13.09.2021
"Nur Otan" партиясы елордалық филиалының сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі Жол картасының орындалуына сәйкес қаланың инфекциялық стационарлары өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі нүктелерімен және концентраторлармен, дәрілік препараттармен 100%-ға толық жабдықталған.
2021 жылға медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары бойынша қажетті қаражат бөлінді.
"Сонымен қатар, ана мен баланың медициналық мекемелерін жабдықтау үшін мәслихат шешімімен төрт жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор сатып алуға қаржы бөлінді: бір офтальмологиялық лазерлік аппарат; екі компьютерлік томограф",-деп бөлісті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.