Елордалық құтқарушылар заманауи техникаға мұқтаж
13.09.2021
Елордалық құтқарушылар биік ғимараттардағы өртті сөндіру үшін, су тасқынын жою үшін заманауи техникаға мұқтаж. Депутаттар, уақытша комиссия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне кезекті рет барды. Депутаттарға арнайы техника көрсетілді, олардың басым бөлігі ескірген және Кеңес Одағы кезінде шығарылған. Бүгінде елордаға 30 қабаттан жоғары құрылыстардағы өртті сөндіруге арналған машиналар, арнайы сорғылар, қорғаныс құралдары және тағы басқалар қажет. Қаланың кейбір аудандарында өрт сөндіру бөлімдерінің жетіспеушілігі өткір сезілуде.
"Құтқарушылар нұсқа ретінде біздің ауа-райы жағдайларына бейімделген және барлық талаптарға сәйкес келетін модульдік құрылыстарды ұсындым. Жақын арада осы мәселелерді шешуге жеке отырыс арнаймыз", - деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.