Мәслихат хатшысы Qazaq Radiosy ұжымын алдағы жүз жылдық мерейтойымен құттықтады
13.09.2021
Осыдан тура 100 жыл бұрын 1 қазанда Ахмет Байтұрсынов Қазақ радиосын құрды. Рас, содан кейін, 1921 жылы радио сигнал болған жоқ, ақпарат бюллетеньдер арқылы таратылды. Биылғы жылы Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Қазақстан радиосы күнін белгілеу туралы бастама көтерді. Біраз уақыттан кейін Үкіметтің қаулысымен 1 қазан ресми түрде радио күні болып жарияланды.
"Ғасырлық мерейтой қарсаңында Qazaq Radiosy ұжымы мен ардагерлерін құттықтау, сондай-ақ тікелей эфирде елордалық мәслихаттың қызметі туралы айту келді. Жарты сағат бойы қалалық мәслихат депутаттары бастамашылық еткен "ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 игі іс" қайырымдылық акциясы туралы, мәслихатқа сайлаудың қалай өткендігі, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы миллион радиоаудиторияға айтып бердім", - деп атап өтті мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Айта кетейік, мәслихат шешімімен биыл "Қазмедиа орталығы" жанындағы көше Қазақ радиосының құрметіне өзгертілді.