Депутаттар "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
13.09.2021
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі, арнайы автокөлік сатып алу, жүріп-тұруы шектеулі пациенттерге арналған көтергіштер орнату және тағы басқалар. Өткен аптаның соңында депутаттық корпус "Астана әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы " КММ-де болды.
Орталық Ақмола облысы Ақкөл ауданы Сосновый бор кентіндегі көркем жерде орналасқан. Оның ішінде тұрмыстық, психологиялық, медициналық, еңбек, экономикалық қызметтерді 350-ден астам адам алады. "Біз өмір сүру жағдайымен, емдеу әдістемесімен танысып, орталықтың проблемалары туралы білдік. Жақын арада жоғарыда аталған мәселелерді шешетін боламыз", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.