Біздің бүгінгі айдарымыздың кейіпкері – «Nur Otan» партиясынан Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Дженалаева
11.09.2021
Салтанат Дженалаева - эндохирургия клиникасының бас директоры. Ол партияішілік праймериз нәтижесі бойынша мәслихат депутаты болды. 2004 жылы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын педиатр-дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бастаған.
Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін «Үй жанындағы дәрігер» бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының шалғай аудандарының бірінде медициналық орталық ашты.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы гемодиализ орталығын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға көмек көрсетті. Карантин кезінде елорданың 500-ден астам көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.
#NurOtan #БелгісізФактілер