Елордалық мәслихат депутаттарынан "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс" акциясы жалғасуда
02.09.2021
Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде депутаттар білім гранттарын тапсырды. Елорданың жоғары оқу орындары мен колледждерінде тегін оқуға арналған 30 сертификат таратылды.
Грант иегерлері: көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары. Оқу орындарының тізімінде: "Тұран-Астана" Университеті, КазГЮУ гуманитарлық-заң колледжі, "Астана - Профи" қалалық шаруашылық колледжі, сондай-ақ технологиялық колледж.
"Акция жалғасуда және алдымызда көптеген игі істер күтіп тұр. Бұдан бұрын депутаттар медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, әрбір медициналық мекемеге оттегі концентраторларын табыс етіп, аулаларды абаттандырды", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.