Қазақстанда Ұлттық халық санағы басталды
02.09.2021
Ол 10 жылда бір рет өткізіледі. Бірқатар ұйымдастырушылық сәттерді ескере отырып, содан кейін КВИ пандемиясына байланысты халық санағын 2019 жылдан 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ауқымды акция аса маңызды талдамалық деректерді: халықтың нақты саны, жас және гендерлік құрамдар, урбандалу дәрежесі және тексерілген, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Онлайн-санақ сайтта 15 қазанға дейін жалғасады sanaq.gov.kz. Бұл ретте сайтқа қолжетімділік тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Азаматтар қай жерде орналасқанына қарамастан виртуалды көмекшінің көмегімен өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтырып, санақтан өз бетінше өте алады. "Өз кезегінде дәстүрлі жаппай аралау 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, - деді әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.