Депутаттар мектеп парталарына отырды
01.09.2021
Елордалық мәслихат депутаттары көп жыл бұрынғыдай мектеп парталарына отырды. Маңызды оқиға: елордада 1 қыркүйек күні 4 мың балаға BINOM School заманауи мектебі өз есігін айқара ашады.
МЖӘ қағидаты бойынша іске асырылған жоба біздің қаламызда таяудағы екі жылда ашылатын алтаудың бірі. Мұнда оқыту Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Финляндияның озық білім беру жүйелері негізінде ұйымдастырылады. Барлық педагогтар бүкіл ел бойынша өткен байқау нәтижесінде іріктелді.
"Бүгін біз осы іріктеуден өткен әрбір адаммен таныстық. Кабинеттердің әрқайсысы соңғы техника бойынша жабдықталған: интерактивті, спорттық, еңбек сыныптары, тігін және металл, ағаш ою шеберханалары, керемет кітапхана және бұл ғана емес. Мұнда ерекше балалар үшін ерекше жағдайлар жасалған: лифтілер, пандустар, арнайы көтергіштер, реттелетін жиһаз. Бұл мектептерде оқыту тегін жүргізіледі", - деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.